$ 485.4  550.69  6.41

«Жаның жәннатта болсын»: Меруерт Түсіпбаева жан құрбысын жоқтады (ВИДЕО)

Өнер иесі құрбысының дүниеден өткеніне 40 күн толғанын айтып, оған деген сағынышын жеткізді.

Коллаж: Sn. kz
Коллаж: Sn. kz

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева пластикалық отадан кейін көз жұмған Сәуле Базарханды еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі құрбысының дүниеден өткеніне 40 күн толғанын айтып, оған деген сағынышын жеткізді.

«Жақыныңнан айырылғанда көз жасына ерік беру күнә болса, онда Жаратқан адамға жылау қасиетін не үшін берген? Өмір мен өлімнің заңдылығын білсек те, қайғыны жүректен бірден өшіру мүмкін емес. Айналасына шуақ сыйлап жүрген Сәуленің арамыздан кеткеніне бүгін 40 күн болды. Жаның жәннатта шалқысын, аяулы құрбым», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Сондай-ақ әнші марқұммен бірге өткізген жарқын сәттерін еске алып, оның мейірімділігі мен өмірге құштар болмысын ерекше ықыласпен атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1