Ақынның сөзінше, өздері бүгінде тамақтану орнын ашып алған. Ендігі мақсат шағын мейрамхананы дамыту.
Ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева түріктереге қазақтың «жеті шелпегін» насихаттады. Ол әрбір қазақтың отбасында жұма күні жеті шелпек тарып тұру әдет екенін еске салып, түріктердің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақынның сөзінше, өздері бүгінде тамақтану орнын ашып алған. Ендігі мақсат шағын мейрамхананы дамыту.
«Қасиетті жұма күні түрік, қазақ, өзбек бауырлас ағайынға қазақтың дәмді шелпегін тараттық... Ниетіміз берекелі асханамызды насихаттау еді, қабыл болсын», - деді ол.
Оның сөзінше, астауға салынған 500 шелпекті өзі пісіріп, таратқан. Кәсіпкерлікке біржолата бет бұрған Айнұр Тұрсынбаева бірнеше жобаны қолға алғанын айтты.
«Өткенде Алматы облысының ауылында қазақша гамбургер жасап таратқан едік. “Бақыт&Байлық” жобасы қызу жүріп жатыр, Алла береке берсін», - деді ақын.