Әнші жас маманның жетістігін ерекше атап өтіп, оған ақжарма тілегін арнады.
Белгілі әнші Тоқтар Серік әлеуметтік желіде әулеті үшін айтулы күн болғанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, туған інісі Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр жоғары оқу орнын сәтті тәмамдап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған.
Әнші жас маманның жетістігін ерекше атап өтіп, оған ақжарма тілегін арнады.
«Бүгін әулетіміз үшін тағы бір қуанышты күн. Туған бауырым Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр бастауыш сынып мұғалімі мамандығын аяқтап, дипломын қолына алды. Алтыным, болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Құтты болсын! Алла жар болсын!» – деп жазды Тоқтар Серік.