27.06.2026, 16:30

«Бақытымды енді тапқандаймын»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға сөз салды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Мен іздегенімді таптым.

Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленетінін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым…

Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады.

Сендей сұлу болмайды екен маралым,

Нұрлы бақта өскен гүл.

Судан таза, сүттен аппақ адалым,

Құшағыма қош келдің!.

Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді…

Мен іздегенімді таптым.

Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым.

Ол — «Иә» деді», деп жазды ол.

Желі қолданушылары: «Тұқымың майдаланатын болды», «Өзің ұзын бойлы жігітсің, басқа бойы ұзын қыз табылмады ма, жарасымды жұп емес», – деп сын айтты.

Әнші бұған: «Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес. Мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын», – деп жауап берді.