28.06.2026, 05:30

«Табысымды арттырды»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен не үшін бірге екенін айтты

Фото: видеодан скрин

Ол мұндай сөзді есту оңай емес екенін де атап өтті. 

Танымал актер Олжас Абай әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы ақшаға негізделген деген пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Кей адамдар біздің қарым-қатынасты ақшаға тіреп қояды. Бірақ мен кино саласында жүргеніме 16 жыл болды, иә рас менің танымымды берекеге айналдырып, өмірімнің одан әрі табысты болуына себеп болған Дариға… Біз соңғы төртінші жобамызды бірге түсіріп жүрміз. Еңбекпен келген табысым өзіме жеткілікті», – деді актер.

Ол мұндай сөзді есту оңай емес екенін де атап өтті. 

«Ақша үшін жүр деген сөзді есту мен үшін ыңғайсыз. Себебі байлық та, бақ та адамға жайдан-жай келмейді. Оның артында жылдар бойғы еңбек, тәуекел, тәртіп және талант тұрады. Адамның қалтасына емес, жүрегіне, мінезіне және еңбегіне қараған дұрыс», – деп жазды Олжас Абай.