$ 486.47  554.77  6.26

«Менен асып кетсін»: әнші Димаш Құдайберген сәбидің аузына түкірді (ВИДЕО)

Видеодан Димаштың Әлем есімді қыздың аузына түкіріп, ырымдап батасын бергенін көруге болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Аты әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің еркеше видеосы тарады. Әнші туғанына бірнеше ай ғана болған сәбиді көтеріп, оған батасын берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық поралы. 

Видеодан Димаштың Әлем есімді қыздың аузына түкіріп, ырымдап батасын бергенін көруге болады. Оқиға Ақтөбе облысында болған.

«Аты Әлем, сіз сияқты әлемді бағындырсын, аузына түкіріп беріңізші», - дейді сәбидің әкесі. Өтінішті екі етпеген әнші сәбиді аспанға көтеріп тұрып, батасын берді. 

«Тфай, тфай, тфай. Халқыңа қалаулы, еліңе елеулі үлкен қыз болып өс. Менен аты озып кетсін», - деді Димаш Құдайберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0