Ол Instagram-парақшасында жазба жариялап, өзіне бағытталған пікірлерге қатысты ойын айтты.
Әнші Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші жары Мумина әлеуметтік желідегі сынға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Instagram-парақшасында жазба жариялап, өзіне бағытталған пікірлерге қатысты ойын айтты.
«Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! “Жүкті болып тұрмысқа шыққан” деген секілді сөздерге бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қалай толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер», – деп жазды ол.