$ 485.82  554.03  6.24

«Бәріміз бір сахнада ән айттық»: Мәдина Ерәлиеваның сирек кездесетін естелігі жария болды (ФОТО)

Аталмыш кадрлар instagram желісіндегі Мәдина Ерәлиева парақшасында жарық көрді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Желіде аңыз әнші Мәдина Ерәлиеваның архивтік фото-суреттері тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Аталмыш кадрлар instagram желісіндегі Мәдина Ерәлиева парақшасында жарық көрді.

"Айсұлтан Махамбетұлы жолдаған фотолар, рақмет!", - делінген жазбада. 

Кадрлардан Мақпал Жүнісова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды танымал тұлғаларды байқауға болады. 

"Роза Рымбаева апамызбен Мәдина Ералиева әпкеммен түскен күнді ұмытпаймын. Осы күні бәріміз бір сахнада ән айттық, концерт біткен соң Мадина әпкеміз мені көлігімен үйге жеткізіп тастаған еді… Ғалымдар үйі, 1997 жыл", "Шіркін, дауысын-ай, жарықтықтың, не деген жүректен шыққан иірімдер", "Барлығы жап-жас, өмір зыр ете қалады екен", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0