$ 485.82  554.03  6.24

«Асекеңнің соңғы курсы»: Бағдат Әшімова әсерлі жазба жариялады

Сондай-ақ Бағдат Әшімова шәкірттерді қазақы дәстүрмен Аскеннің қара шаңырағына шақырып, ақ жол тілегенін жеткізді.

Коллаж: Ertenmedia
Коллаж: Ertenmedia

Марқұм актер Аскендің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында оның соңғы шәкірттеріне қатысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, төрт жыл бойы Аскеннен білім алған жастар академияны аяқтап, үлкен өмір мен өнер жолына қадам басқан. Ол ұстаздың тәлімі мен еңбегі түлектердің алдағы өмірінде маңызды бағдар болатынын атап өтті.

"Асекеңнің соңғы курсы. Төрт жыл бойы Асекеңнен тәлім алған жастар академияны тәмамдап, арман қуып үлкен өмірге қанат қақты. Асекеңнің өзі арамызда болмаса да, оның қара шаңырағының батасын алып, өмір мен өнер жолына аттандыруды жөн санадым", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Бағдат Әшімова шәкірттерді қазақы дәстүрмен Аскеннің қара шаңырағына шақырып, ақ жол тілегенін жеткізді.

"Сондықтан түлектерді қазақы дәстүрмен Асекеңнің қара шаңырағына шақырдым. Қара шаңырақтан алған ақ бата әр шәкірттің жолын ашып, өнердегі қадамын нық етсін", – деді Бағдат Әшімова.

Желі қолданушылары жазба астында түлектерге ақ тілектерін жолдап, марқұм ұстаздың өнегесі мен еңбегі шәкірттері арқылы жалғаса беретініне сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0