$ 480.72  548.07  6.14

«Бәріміз қуаныштымыз»: Димаштың анасы отбасындағы қуанышты жаңалықты айтты (ФОТО)

Бақытты бол!

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол Instagram парақшасында ұлы Мансұрдың Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін аяқтағанын жазды, деп Sn.kz ақпарат порталы.

Света Айтбаеваның айтуынша, Мансұрдың бұл жетістігіне бүкіл отбасы қуанып отыр. Ол ұлына ақ тілегін арнап, таңдаған саласында биік белестерді бағындыруын тіледі.

"Мансұртайым Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін аяқтап, бәріміз қуанып жатырмыз. Құтты болсын, ботақаным! Өз ісіңнің шебері бол", – деп жазды ол.

Сонымен қатар әншінің анасы Мансұрдың осы уақытқа дейін Димаштың жанында жүріп, әлемдік сахналарда өнер көрсеткенін атап өтті. Оның сөзінше, жас музыкант түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби музыканттармен бірге жұмыс істеген.

Света Айтбаева ұлының алғашқы туындыларын жазып, бірнеше музыкалық аспапты меңгергенін де айтты. Ол Мансұрға өнер жолында білім беріп, бағыт-бағдар көрсеткен ұстаздарына алғыс білдірді.

Әншінің анасы гитараны шебер меңгерткен Әліби Юсуфұлына, Павел Александровичке және кураторы Раушан Рахембайқызына ризашылығын жеткізді.

"Бақытты бол, ең бастысы ғұмырлы бол, ботам", – деп түйіндеді Света Айтбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0