02.07.2026, 09:40

«Асыға күтіп жүрміз»: Актер Мұрат Бисембиннің қызы сүйінші жаңалық айтты

Фото: instagram.com/jemappelledali/

 Блогердің оқырмандары мен әкесінің өнердегі әріптестері оны жарыса құттықтап жатыр.

Марқұм танымал актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова сәби күтіп жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қуанышты жаңалықты өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол алдымен видео жариялап:

”Көптен күткен сәбиімізді асыға күтіп жүрміз” деп жазба қалдырған.

Кадрлардан олар “Ана” және “Әке” деген жазуы бар бас киім киіп, УДЗ суретін ұстап тұрғанын байқауға болады.

 Блогердің оқырмандары мен әкесінің өнердегі әріптестері оны жарыса құттықтап жатыр.