Бұл туралы оның анасы Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында жариялады.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұнғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы үздік университтеттердің бірін тәмамдап, дипломын қолына алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы оның анасы Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында жариялады.
"Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік! Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз боп тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкеен еңбегің бар! Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін, мен әр белесіңде жаныңнан табыламын! Саған сенемін! Барлық аналардың қуанышы баянды, қыздарының жолы ашық болсын!", - деп жазды ол.
Оқырмандар өнер иесін құттықтап, тілектерін арнады.