Ақерке ата-анасының бес баланы ештеңеге қарамастан өсіріп, білім беріп, тәрбиелеу үшін бар ғұмырын арнағанын еске алды.
Тележүргізуші әрі блогер Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында 18 жастағы інісі Ақсұңқардың Алматыдан жеке пәтер алғанын айтып, қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақерке ата-анасының бес баланы ештеңеге қарамастан өсіріп, білім беріп, тәрбиелеу үшін бар ғұмырын арнағанын еске алды.
«Бүгін жүрегім ерекше толқып тұр. Інім Ақсұңқар 18 жасында Алматыдан өз пәтерінің иесі атанды», – деп жазды ол.
Блогер бұл жетістікті жай ғана баспана емес, ата-анасының адал еңбегі мен төзімінің жемісі екенін атап өтті.
«Бұл – жай ғана баспана емес. Бұл – ата-анамыздың адал еңбегінің, төзімінің, дұғасының жемісі. Әкеміздің арманының жалғасы. Анамыздың ешқашан мойымаған қайсарлығының нәтижесі», – деді Ақерке.
Сондай-ақ ол өмірден өткен әкесінің аманаты орындалып жатқанын айтып, анасына алғысын білдіріп, інісіне жаңа шаңырақтың құтты болуын тіледі.