03.07.2026, 15:40

«Әлхәмдулиллә, 8 балам бар»: Тұрсынбектің екінші әйелі көптің ашуына тиді (ФОТО)

Коллаж: Sn.kz

"Өз баласы аздай Мөлдірдің де балаларын қосып алыпты ғой қара тоқал".

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман күтпеген жайтты айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айман желідегі парақшасында баласының суретін жүктеп, саяхатқа шыққан кезде аналарға пайдалы кеңестерімен бөліскен. 

Оқырмандар "Сонымен неше балаңыз бар?" деп сұраған. 

Ол "Альхамдуллилах, 8 балам бар" деп жауап берген. 

Оның бұл жауабына ашуланған көпшілік сынап тастады. 

"Өз баласы аздай Мөлдірдің де балаларын қосып алыпты ғой қара тоқал", "Жұрттың байын ғана емес балаларын да еншілеп алыпты ғой", "Ненің азабы біреумен жарысып өмір сүріп", "Мынауың қуады екен ғой", "Ұятсыз", - деп жазды оқырмандар.