06.07.2026, 03:30

«Асқазанға шипа»: Танымал әнші кірпінің сорпасын ішем деп көптен сөз естіді (ВИДЕО)

Фото: Әлеуметтік желіден

Алайда бұл пікір көпшіліктің наразылығын тудырды.

Танымал әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіде кірпі етінен дайындалған сорпаны ішіп отырған видеосын жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеода өнер иесі кірпі етінен әзірленген сорпаның асқазанға пайдалы екенін айтып, оны емдік қасиеті бар тағам ретінде сипаттаған. Алайда бұл пікір көпшіліктің наразылығын тудырды.

Желі қолданушылары әншінің әрекетін сынға алып, жабайы жануарларды тағам ретінде пайдалануға қарсылық білдірді. Кейбірі кірпі етінің адам денсаулығына пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін екенін айтып, мұндай тағамды тұтынуға болмайтынын жазды. Сондай-ақ оқырмандар жануарды аяп, мұндай видеолардың қоғамға теріс үлгі болуы мүмкін екенін алға тартты.

Әзірге Айдар Тұрғамбек желіде айтылған сын-пікірлерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.