07.07.2026, 10:20

«Сендей қыз берген Құдайға тәуба»: Мөлдір Мұқан тұнғышына су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Қатты жақсы көремін мен сені". 

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан отбасындағы үш бірдей маңызды оқиғаны бір кеште атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алуын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндетке отырғызылуын біріктіріп, салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырды.

Осыған орай Мөлдір Мұқан тұнғышы Әдеміге су жаңа Audi A7 көлігін сыйлады.

"Ата-анаң үшін біз ойлағаннан да асып түсетін нәрселер жасап жатырсың. Қатты жақсы көремін мен сені. Кеше диплом алып келуге Дубайға бардық. Қазақстанда өзінше болып жүрем ғой, бәрін өзім шешіп. Ал Дубайда сүмірейіп қаламын. Әдемі деген бәрін өзі шешіп жүр. Мен қандай қыз дүниеге әкелгенмін дедім. Алла Тағалаға шүкір айтамын. Алла Таға осы 5 баланы берген, дүниеге әкелген ең бақытты анамын! Ешқашан ананы алып бер, мынаны алып бер деп айтқан емес. Шай ішіп отырғанда көлік мінгім келеді деп айтып қалды. Мен қалай байқамағанмын дедім", - деді ол.