07.07.2026, 15:20

«Есімін ата-әжесі қояды»: 6 жас үлкен әйелге үйленген әнші балалы болды

Фото: instagram.com/rinat_shamshyrak

Сондай-ақ әнші қызының есімін ата-әжесі қоятынын айтып, жұбайына ризашылығын білдірді.

Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ мен жары Аружан Төре қызды болды. Қуанышты жаңалықпен өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Аллаға мың шүкір. Жақсылар, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін Алланың қалауымен, әке атандым. Қош келдің, қызым. Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын. Ана болу, әке болу бақытын шын жүректен тілеймін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші қызының есімін ата-әжесі қоятынын айтып, жұбайына ризашылығын білдірді.

«Есімін бұйыртса атасы мен әжесі өзіміз қоямыз деді. Осындай сәтті сыйлаған жарыма алғысым шексіз», – деп жазды Ринат Шамшырақ.

Желі қолданушылары жас ата-ананы құттықтап, сәбиге амандық, ұзақ ғұмыр, ал отбасына бақ-береке тіледі.