07.07.2026, 17:20

«Алла күш берді»: Мөлдір Мұқанның шынайы әңгімесі желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Тойда өзінің және балаларының сөйлеген сөздері көпті жылатты.

Танымал әнші продюсер Мөлдір Мұқан үш баласына дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тойда өзінің және балаларының сөйлеген сөздері көпті жылатты.

"Қатты қорықтым. 5 баланы қалай асыраймын, қалай жеткіземін деп қатты қорықтым. Әйел адамбыз ғой, жанымыз нәзік. Бірақ Аллаға шүкір. Алла Тағалам балаларымның несібесін үйіп-төгіп беріп жатыр. Маған күш берді. Уайымдама, сенің қолыңнан келеді деген бір сезім болды", - деді өнер иесі.

Балалар бір-бірлеріне және аналарына рақметтерін айтып, жақсы көретіндерін білдірді. Тақырып