Сондай-ақ, өнер иесі жарына деген сезімін де жасырмады.
Әзілкеш Мереке Қалбаева әлеуметтік желіде жас күйеуі Арсен Акиевтің туған күніне орай жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Алла қай жақсылығым үшін бергенін білмеймін, бірақ осы жанды маған жар еткені үшін өмір бойы шүкір деймін. Асыл ерім, ғашық ерім, туған күнің құтты болсын! Хайырлы да, берекелі, ұзақ ғұмыр тілеймін. Бұйырса, мен 90 жасқа келгенде саған тоқал әперемін, уәде», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, өнер иесі жарына деген сезімін де жасырмады.
«Жаным, сендей жан жоқ. Барлығы үшін өзіңе мың рақмет. Мен сенсіз қанатсыз құспын. Сен – менің қамқоршым, қорғаушым. Алла бірге қартайып, тек қана бірге жүруді жазсын. Сені сүйемін», – деді Мереке Қалбаева.