$ 471.04  538.54  6.17

«Көз жасына ерік берді»: Әзілкеш Мадияр Серікбаевқа әйелі қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

"Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір"

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

«Өнер қырандары» театрының актері Мадияр Серікбаев күтпеген сыйлыққа ие болды. Жұбайы Дана Тұрарбек оған армандаған Li маркалы автокөлігін сыйлап, қуанышты сәттің видеосын әлеуметтік желіде бөлісті.

«Адал жарыма арманындағы көлік. Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір», – деп жазды Дана Тұрарбек.

Желіде жарияланған бейнежазбада актердің сыйлықты алғаш көргендегі әсері анық байқалады. Ол қуаныштан балаша шаттанып, жұбайын құшақтап, эмоциясын жасыра алмайды. Кейін жаңа көлігін сипалап, көз жасына да ерік берген.

Өз кезегінде Мадияр Серікбаев жұбайына алғысын білдіріп, әлеуметтік желіде: «Барлық еркек бақытты болуға лайықты», – деп жазды.

Желі қолданушылары да актерді жаңа көлігімен құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды. Пікір қалдырушылардың бірі: «Осы көлікке қолы жетпей жүрген жоқ. Ең бастысы – жұбайының көңіл бөліп, осындай қуаныш сыйлағаны. Ер адамға әйелінің назары өте маңызды. Балаларынан да бетер. Бақытты болыңдар!» – деп жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0