10.07.2026, 13:00

«Ағамның ауырғаны аздай»: Гүлзира Айдарбекова жақындарымен сыналып жатқанын айтты

Фото: видеодан скрин

Ол ауыр халге түскен ағасының жағдайын білуге барған. 

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасына ағасы жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол ауыр халге түскен ағасының жағдайын білуге барған. 

"Ағамның жағдайын біліп, ары қарай шараларды бітіруге шықтық. Алла жеңілдігін берсін!  Кеше ағамның ауырғаны аздай апасының арыстаны Әмірем ауырып, бүк түсіп нервтан асқазаным сыздап, желкеме тас байлап тастағандай күй кештім. Бүгін шүкірміз! Өткен жолы бауырым Сәбит ағам жайлы салып едім, қаншама оқырмандарым шын жүректен сауығып кетуіне дұға тілеп жазғандарыңызды оқып, сіздердей қолдаушыларым мына өмірде бар екендеріңізге қуанып, көзіме жас алып та қалдым. Біз жәй себепкерміз, бір Алла қолдаушымыз. Қаншама дәрігерлер емдеуден бас тартып отырғанда, өте ауыр жағдай екенін көре тұра, ем домын жасап кірісіп кеткен: Дәрігер-кардиохирург, кардиолог-терапевт, аритмолог, реабилитолог доктор PhD Нысанов Дәуренбек Мырзашұлына алғысым шексіз! Алдағы уақытта , жазылып кетсе бөлісіп отырамын, бәлкім сіздерге де септігі тиіп қалар", - деп жазды ол.