13.07.2026, 11:20

«Қайрат қызғанбай ма?»: Жұлдыз бен Азамат Сатыбалдының бірге түскен суреті талқыға түсті (ФОТО)

Коллаж: Sn.kz

«Жұлдызға осындай ер азамат жарасады»7 

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен фотосуреттерінжариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жазбада актриса спектакльдің мазмұнына тоқталып, оның тек махаббат туралы емес, өмірдің сынағына төтеп бере алмаған, кезінде бір-бірін шексіз сүйген екі адамның тағдыры туралы екенін айтты.

Алайда желі қолданушылары қойылымнан гөрі актерлердің үйлесімді образына назар аударды. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдының бірге жарасымды көрінетінін жазса, енді бірі олардың сахналық жұбына тәнті болғанын жеткізді. 

Кейбір оқырмандар әзіл аралас пікір қалдырса, өзгелері «Жұлдызға осындай ер азамат жарасады», «Екеуі өте үйлесімді жұп сияқты» деген сарындағы пікірлерін білдірді.

Тіпті кейбір қолданушылар актрисаның жұбайы Қайрат Нұртаспен салыстырған пікірлер де жазған. Айта кетейік, жарияланған фотосуреттер актерлердің жеке өміріне емес, жақын күндері көрерменге жол тартатын «Сен және мен» драмасының жарнамалық материалдарына арналған.