Бұл әсерлі сәттер әлеуметтік желілерде де кеңінен таралды.
Өнерпаз орталық тұрғындарымен жүздесіп, ән шырқап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күтпеген кездесуге қуанған қариялар әншіге алғыс айтып, ақ баталарын берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл әсерлі сәттер әлеуметтік желілерде де кеңінен таралды.
Қазақстандық боксшы, спорт шебері Айдос Даулетов өзінің Instagram парақшасында Қайрат Нұртастың қайырымдылық істеріне ризашылығын білдірді.
«Досым, өзің айтқандай, "Аузыңды ашсаң, жүрегің көрінеді". Алла абыройыңды екі дүниеде де асқақ етсін. Әр келген сайын балалар мен қарттар үйіне барып, жақсылық жасап жүрсің. Біз көп жағдайда оған уақыт таппай жатамыз. Бүгін қариялар ерекше риза болды», – деп жазды Айдос Даулетов.
Айта кетейік, көпшілік «қарттар үйі» деп атайтын мекеме ресми түрде Атырау облысындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы болып табылады.