Ол қызыл кілемге ерекше әдіспен Джеки Чанның бейнесін салған.
Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы әлемге танымал актер Джеки Чанға оның бейнесі тоқылған ерекше кілем-картинаны тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол қызыл кілемге ерекше әдіспен Джеки Чанның бейнесін салған.
Белгілі актер сыйлықты жылы қабылдап, қазақстандық шебердің еңбегіне жоғары бағасын беріп, алғысын жеткізген.
Айта кетейік, Әсел Сабыржанқызы бұған дейін де әлемдік жұлдыздардың бейнесін ұлттық нақыштағы кілемге түсірген. Соның бірі – Алматы мен Астанада концерт берген америкалық әнші Дженнифер Лопестің бейнесі.