14.07.2026, 01:30

«Құшағыма енді ешқашан қыса алмаймын»: Марқұм Мұрат Бисембиннің әйелі күйеуіне жазба арнады (ФОТО)

Фото: instagram.com/heart_diary_valen.na

"Мен тұтас бір өмірді сағындым"

Марқұм актер Мұрат Бисембиннің жары әлеуметтік желіде екеуінің бірге түскен суретін жариялап, жақынын жоғалтқаннан кейінгі жан күйзелісін жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, өмірлік серігінен айырылғаннан кейін адамның тек жүрегі ғана емес, тұтас әлемі өзгереді. Күнделікті тіршіліктегі ең қарапайым сәттердің өзі бұрынғыдай болмай қалады.

"Маған басқа таңдау қалдырмады.

Мен тұтас бір өмірді сағындым.

Таңның қалай ататынын сағындым. «Оянып үлгердің бе?» деген үйреншікті сұрақты сағындым. Бірге ішкен шайды, болмашы дүниелерді бірге талқылаған сәттерді, кешкі жоспарларды сағындым.

Ең қаттысы – өмірімде «менің адамым» бар деген сезімді сағындым.

Адамнан айырылғаннан кейін тек жүрек қана өзгермейді. Бүкіл әлем өзгереді. Тіпті дүкеннен азық-түлік таңдаудың өзі бұрынғыдай болмайды. Ас үстіндегі тыныштық та басқаша. Үйдің үні де өзгеріп кетеді.

Сол кезде ғана өзің ешқашан таңдамаған басқа бір өмірде өмір сүріп жүргеніңді түсінесің.

Маған жиі: «Сен мықтысың», – дейді.

Бірақ мықтылық – ешқашан жыламау емес. Мықтылық – құшағыңа енді ешқашан қыса алмайтын адамды көргің келсе де, әр таң сайын қайта тұрып, өмірді жалғастыра білу.

Мен сүйгенімді тоқтатқан жоқпын. Мен енді қолым жетпейтін адамды сүруді үйреніп жүрмін.

Әлде, бұл – өмірімдегі ең ауыр сабақ шығар.

Мен жай ғана қатты сағындым.

Бұл сағыныш ешқайда жоғалмайды. Ол енді менің бір бөлшегіме айналды", - деп жазды ол.