$ 477.11  545.58  6.2

«Шамамыз жеткенше тырысамыз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

Жұлдыз жазбасында екеуінің бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп, шығармашылық жолда бірге дамуға күш салып жүргенін атап өтті.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, жақын уақытта Қайрат Нұртастың бірнеше қалада шығармашылық кештері өтетінін хабарлады.

Актрисаның айтуынша, қазір өнерлі жұп алдағы концерттерге қызу дайындық жүргізіп жатыр. Жарияланған видеода Жұлдыз Әбдікәрімова бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп тұрған сәтте Қайрат Нұртас оның жанына келіп, шашынан иіскеп, көпшілікке жарасымды қарым-қатынастарын көрсетті.

Жұлдыз жазбасында екеуінің бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп, шығармашылық жолда бірге дамуға күш салып жүргенін атап өтті.

«Шамамыз жеткенше, қолдан келгенше бірге дамуға, шығармашылықты өз саламыз бойынша тоқтаусыз шыңдауға тырысып жүрміз. Қолдан келгенше бір-бірімізге қолдау көрсетіп, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен фотосын жариялап, желіде қызу талқыланған болатын. Бұл жолы ол жұбайы Қайрат Нұртаспен бірге түскен видеосын бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0