15.07.2026, 05:30

«Сотта кездесіп жүрмейік»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынағандарға сес көрсетті  (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Актрисаның айтуынша, кейбір желі қолданушылары оның отбасылы әйел екенін алға тартып, өзге ер адаммен бірге фотосессия жасап, сахнаға шығуын сынға алған.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен фотосуреттерінен кейін ашуға мінді. Қайрат Нұртастың келіншегі, өзіне қарсы  айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Актрисаның айтуынша, кейбір желі қолданушылары оның отбасылы әйел екенін алға тартып, өзге ер адаммен бірге фотосессия жасап, сахнаға шығуын сынға алған.

«Бұл – менің мамандығым! Мәселен, сіз дәрігерсіз. Хирург. Сонда алдыңызға жаны қиналып, ота жасауға келген науқасқа: “Кешіріңіз, мен тұрмыстағы адаммын, күйеуім (әйелім) бар. Өзге еркекке (әйелге) ота жасамаймын” дейсіз бе? Сотта кездесіп жүрмейік» – деп жазды ол.