16.07.2026, 15:40

«Бастысы Димаш сәлемін берді»: Света Айтбаева Жүрсін Ерманмен болған жағдай жайлы пікір білдірді

Фото: коллаж Sn.kz

Желіде Димаш Құдайбергеннің ақын Жүрсін Ерманға сәлем берген сәті түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кейбір қолданушылар ақынның әншіге бата бермегенін айтып, түрлі пікір білдірген.

Осы мәселеге қатысты Димаштың анасы Света Айтбаева өз ойын ортаға салды. Оның айтуынша, Димаш бала кезінен үлкенді құрметтеуді бойына сіңіріп өскен.

Света Айтбаеваның сөзінше, оқиға әуежайда болған. Ол кезде Димаш тіркеуден өтіп, ішке кіріп бара жатып Жүрсін Ерманға жолай сәлем берген. Сондықтан бұл арнайы барып бата сұраған кездесу болмағанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Жүрсін Ерманның жолдан шаршап отырған болуы мүмкін екенін, денсаулығына байланысты да артық әңгіме айтудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Жүрсін Ерман – қазақ өнеріне үлкен еңбек сіңірген тұлға. Біз ең алдымен сол еңбегін құрметтейміз. Димаш та халқымыздың ақ батасымен өсіп келе жатқан өнер иесі. Ол үлкенге сәлемін берді, ең маңыздысы – осы», – деді Света Айтбаева.