$ 469.71  536.17  6.01

«Аппаратпен ғана қозғала алады»: Әнші Нұрлан Әміровтің жағдайы елді алаңдатты (ВИДЕО)

Тараған видеода әншінің арнайы аппараттың көмегімен ғана қозғала алатыны көрсетілген.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Кезінде «Жұлдызым» әнімен көпшіліктің жүрегінен орын алған «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміровтің қазіргі жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тараған видеода әншінің арнайы аппараттың көмегімен ғана қозғала алатыны көрсетілген. Нұрлан Әміров құрылғыны денесіне тағып жүретінін айтып, онсыз жүре алмайтынын жеткізген. Сондай-ақ, денесіндегі отадан қалған тыртықты көрсетіп, өзіне күтім жасап жүрген жарына алғысын білдірді.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіруде. Видео көпшілікті бейжай қалдырмады.

"Алла шипасын берсін", "Әйеліңізге мың алғыс", "Алла қуат берсін", "Ойбуй қиын болған екен", - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0