Ол қазіргі таңда шетелде оқуын жалғастырып жатқанын және ел алдындағы міндетін орындап жүргенін де жеткізді.
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырмандарының отбасылық өміріне қатысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушыларының бірі актрисадан жұбайымен екі бөлек елде тұрып жатқанын айтып, мұндай қашықтықтың қарым-қатынасқа әсер етпей ме деген сауал қойған.
Айгүл Иманбаеваның айтуынша, шынайы сезім үшін арақашықтық ешқашан кедергі бола алмайды. Ол қазіргі жағдайдың уақытша екенін және «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританияда білім алып жүргенін атап өтті.
Актрисаның сөзінше, адамдар кейде бір үйде тұрса да бір-бірінен алыстап кетуі мүмкін. Ал бір-бірін шын түсінетін жандарды мыңдаған шақырым бөліп тұрса да, жүректері әрдайым жақын болады.
«Қашықтық бізді алыстатпайды. Өйткені бұл – бір-бірін шын түсінетін, шынайы қалайтын екі жүректің байланысы», – деді Айгүл Иманбаева.
Ол қазіргі таңда шетелде оқуын жалғастырып жатқанын және ел алдындағы міндетін орындап жүргенін де жеткізді.