17.07.2026, 14:40

Канье Уэст елімізде концерт береді

Фото: Джозеф Карре (Joseph Karre) музыкалық продюсері

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматы орталық стадионында өтуі жоспарланған.

Америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэсттің Қазақстанда концерт өткізуі мүмкін. Бұл туралы әншінің продюсері Джозеф Карре өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматы орталық стадионында өтуі жоспарланған.

Сондай-ақ хабарламада концерт билеттері 20 шілдеден бастап сатылымға шығатыны айтылған. Ал Ticketon.kz сайтында билет бағасы 120 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін болатыны көрсетілген. 

Сонымен қатар былтыр 10 тамызда Алматының Орталық стадионында әлемге танымал жұлдыз Дженнифер Лопес өнер көрсеткен еді.