17.07.2026, 17:20

«Жүрегім шаншып кетті»: Гүлнұр Мамасарипова сағынышын жеткізді (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

«Жылағым келіп кетті». 

Кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова Келінжан сериалы түсірілген ауылға барып, сағынышымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсердің айтуынша, жылда Келінжан сериалы түсірілген Аққайнар ауылына 7 жыл қатарынан жазда дәстүрлі түрде ауылда болған. 

«Жаңа жобаға бармас бұрын, жолай ескі жобаға сәлем беріп кеткім келді. Келінжан менің бітпейтін сағынышым екен, жүрегім шаншып кетті» - деді продюсер. 

Желі қолданушылары да: «Тағы Келінжан болсын», «Жылағым келіп кетті», «Бізде сағындық», «Жаңа сезонын күтеміз» - деп сағыныштарымен бөлісуде.