$ 472.34  541.25  6.01

«Біргеміз, жүректерің ауырмасын»: Жұлдыз Қайрат Нұртасқа қатысты мәлімдеме жасады (ФОТО)

"Жанындамын. Жанымда". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова соңғы уақытта әлеуметтік желіде өзіне және жұбайы Қайрат Нұртасқа қатысты айтылып жүрген пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Instagram-дағы Stories бөлімінде бірнеше сурет жариялап, оқырмандарына жазба арнады. Оның айтуынша, кейінгі күндері олардың отбасына қатысты түрлі пікірлер мен жеке хаттар көбейген.

«Соңғы екі күнде сан түрлі пікір жазып, алаңдап жатқан оқырмандарыма айтарым бар. Менің парақшама пікір қалдырып, Қайрекені белгілеп жатқан жандарға айтарым – жанындамын. Жанымда», – деп жазды актриса.

Жұлдыз Әбдукәрімова бұл жазбаны көпшіліктің алаңдаушылығын сейілту және түрлі болжамдарға жол бермеу мақсатында жариялағанын айтты.

«Сіздер тыныш болсын, жүректеріңіз ауырмасын, ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін деп», – деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0