18.07.2026, 12:30

Мексикадағы FIFA Fan Fest сахнасында Димаштың әндері орындалды

Фото: dimashnews.com

2026 жылғы футболдан FIFA әлем чемпионаты аясында Мексиканың Халиско штатындағы Сапопан қаласында өткен FIFA Fan Fest фестивалінде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына ерекше назар аударылды.

Мексикада өткен FIFA Fan Fest фестивалінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалып, шығармашылығы кеңінен таныстырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

2026 жылғы футболдан FIFA әлем чемпионаты аясында Мексиканың Халиско штатындағы Сапопан қаласында өткен FIFA Fan Fest фестивалінде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына ерекше назар аударылды.

FIFA ұйымы мен жергілікті биліктің қолдауымен ұйымдастырылған ресми жанкүйерлер алаңы әлем чемпионаты кезіндегі ең ірі мәдени-спорттық орталықтардың бірі болды.

Фестиваль барысында жанкүйерлер матчтарды алып экраннан тамашалап қана қоймай, концерттерге, ұлттық фольклорлық бағдарламаларға, гастрономиялық және интерактивті іс-шараларға, сондай-ақ Мексиканың мәдениетін таныстыратын түрлі жобаларға қатысты.

Мәдени бағдарламаға қатысқан 13 жастағы мексикалық өнерпаз Анхель Херардо Коваррубиас Кабрера (Angeloo) Димаштың шығармашылығы оған үлкен әсер еткенін айтты.

Оның сөзінше, ол қазақстандық әншіні 10 жасынан бері тыңдайды және Димаштың вокалдық шеберлігімен қатар, әндері арқылы дәріптейтін рухани-адамгершілік құндылықтардан шабыт алады.

Жас орындаушы Димаштың шығармашылығын мүмкіндігінше көп адамға таныстыруды өзіне үлкен мәртебе санайтынын жеткізді. 

«Димаштың өнері арқылы жеткізілетін ізгі идеяларды көпшілікке насихаттау мен үшін зор қуаныш. Мен оның шығармашылығымен барынша көп адамның танысқанын қалаймын. Бір күні өзімен жүздесіп, өмірімді өзгерткені, шабыт сыйлағаны үшін алғыс айту – менің ең үлкен арманым», – деп өз ойымен бөлісті Angeloo.