18.07.2026, 09:30

«Айтар сөзім жоқ»: Меруерт Өтекешова Баян Мақсатқызы сыйлаған пәтерді көріп, көзіне жас алды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Араға уақыт салып, продюсер уәдесін орындап, пәтерді актрисаға табыстады. Видеоны табыстау сәтін Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына жүктеді.

Отандық продюсер Баян Мақсатқызы бұдан екі ай бұрын сыйлауға уәде еткен пәтерді табыстады. Бұл туралы продюсердің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Баян Мақсатқызы екі ай бұрын Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешованың пәтері жоғын естіп, оған Алматының кез келген ауданынан пәтер сыйлауға уәде еткен. Араға уақыт салып, продюсер уәдесін орындап, пәтерді актрисаға табыстады. Видеоны табыстау сәтін Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына жүктеді.

– Жылағым келіп тұр... Неткен керемет аула! Әдемі, жайлы, мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Айтар сөзім жоқ, – деді Меруерт Өтекешева.

– Сөздің қажеті жоқ. Ең бастысы – сіздің күлкіңіз, – деп жауап берді Алагөзова.

Продюсер пәтерді су жаңа жиһазбен және керек-жарақпен жабдықтағанын көруге болады. Ал қонақ бөлмеге ол Өтекешованың "Қыз Жібек" картинасындағы образы бейнеленген суретін ілген. Айтуынша, картина қазақстандық суретші суретті екі ай бойы салған.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы Халық әртісіне Түркияның бес жұлдызды қонақүйіне жолдама сыйлады.