19.07.2026, 01:30

«Тек брендтен киінеміз»: Төреғали Төреәлінің әйелі мен анасы тренд жасаймыз деп, ұятқа қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Бейнежазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Әнші Төреғали Төреәлінің анасы Аякөз ханым мен жұбайы әлеуметтік желіде жариялаған кезекті видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ене мен келін әлеуметтік желіде кең таралған «Богатый привычки» трендіне өз нұсқаларын түсірген. Видеода Аякөз ханым өз әдеттері ретінде тойға қымбат көйлек тіктіретінін, бір киімді екінші рет кимейтінін, жұмыс істемесе де тұрақты табыс алатынын, үй шаруасымен айналыспайтынын, немерелеріне шетелден брендтік киім әкелетінін және Құран хатымын аяқтауға жақындағанын айтқан.

Ал Төреғалидың жұбайы білімге ұмтылатынын, кітап оқуды әдетке айналдырғанын, денсаулығына ерекше көңіл бөліп, тұрақты түрде спортпен шұғылданатынын жеткізді.

Бейнежазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі ене мен келіннің өмірлік ұстанымдарын салыстырып, «екеуі екі түрлі дүниетанымды көрсеткен», «бірі материалдық құндылықты, екіншісі рухани байлықты алға шығарған» деген пікір білдірді. Ал енді біреулер оларды «мақтанды», «жасандылық байқалады» деп сынаса, тағы бір топ оқырман жылы лебізін білдіріп, «машалла», «керемет», «жарасымды отбасы» деген пікірлер қалдырды.