$ 469.83  536.83  5.97

«Алып қашып кеттім»: Әнші Айдар Тұрғанбек күтпеген оқиғамен бөлісті (ВИДЕО)

"Алматыдағы бүкіл оқу орнына барып, қыз таба алмадық".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

"Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Айдар Тұрғанбек желідегі парақшасында видео жариялап, оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі көпшілікке қалай үйленгенін айтып берді. 

"Менің үйленуім бір қызық болды. Менің анам "үйлен, үйлен" деп күнде айтатын. Үйленетін кезде қыз жоқ болып қалады. Сонымен анам екеуміз бірге іздедік. Алматыдағы бүкіл оқу орнына барып, қыз таба алмадық. Көлікпен анамды салып алып келе жатқан кезде аялдамада әп-әдемі екі қыз тұр екен. Анам "Ұнады ма?" деп сұрады. "Ұнады" дедім. "Онда тоқта деп" түсіп қалып, қыздармен бірге анам автобусқа мінді. Қыздардың телефон нөмірлерін жазып алып, әкеліп берді. Мен хабарласқа кезде сөзіміз жараспады. Солай ол қыздар болмай қалды. Кейін өзімнің туған қарындасым жұбайымның суретін жіберді. Маған ұнап қалды. Солай Астанаға бардым. Ол Астанада оқитын Шымкенттің қызы. Солай екеуміздің сөзіміз жарасып, керемет сөйлестік. 3-ақ рет кездестік. Ол Шымкентке демалысқа келген кезде мен келісіммен алып қашып кеттім", - деді әнші. 

Желі қолданушылары Айдар Тұрғанбектің отбасына бақыт тілеп, түрлі пікір қалдырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0