20.07.2026, 11:00

«Өзім жайында фильм түсіремін»: Дариға Бадықова жаңалығын айтты

Фото: instagram.com/badykovadaryga

Өнер иесі бұрын ашуланшақ болғанын, алайда уақыт өте келе эмоциясын бақылауды үйренгенін жеткізді.

Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында мінезіндегі өзгеріс пен алдағы шығармашылық жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұрын ашуланшақ болғанын, алайда уақыт өте келе эмоциясын бақылауды үйренгенін жеткізді.

«Бұрын көп ашуланатын едім. Қазір ақыл қонды. Ақыл қонбай кетсе де бәле ғой. Және жолыңда болмай, тағдырың тарам-тарам болып. Ашушаңдық аймақтық екенін жақсы түсіп алдым. Жалпы табиғатымда сабырлық бар, просто өмір сәл ашуландырған бір кездері. Қазір ашушаң адамға неге өтіп тұр деп қарап қалуды шығардым! Ал жұмысқа келгенде бұл флюорофия уақытша тоқтайды. Өйткен солай болу керек», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова өзі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтып, бұл жобаға қызығушылық танытқан мамандарға үндеу жасады.

«Жаңалық. Өзім жайында документальный фильм жасаймын. Менімен жұмыс жасағысы келетін документалистерді қарсы аламын. Шетелге шыққанның пайдасы ойға келетін идея!», – деп бөлісті ол.