20.07.2026, 12:40

«60 деген жас қызық екен»: Нұртас Айдарбеков қартайғанда әйеліне ән арнады

Фото: іnstagram.com/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың әкесі шығарған туынды "Қадіріңе жете алдым ба?" деп аталады.

Әнші Нұртас Айдарбеков әйелі Гүлзираға ән арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайрат Нұртастың әкесі шығарған туынды "Қадіріңе жете алдым ба?" деп аталады.

"Ассалаумағалейкум, менімен замандас жігіттер! Мынау 60 деген жақсы жас екен, көңілден ән шығып қолыңа қалам ұстап жаза бастасаң, тема тек найманның қызына бұрылып кете береді. Сіздерде де солай ма?", - деді ол қалжыңдап. 

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазып, жұлдызды жұпқа бақыт тіледі.