Әбдікәрімова ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты астарлап жеткізді.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әбдікәрімова ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты астарлап жеткізді.
"Сезім бір күнде сөнбейді. Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды. Енді мен: “Қашан келесің?” “Кешкі асқа не жегің келеді?” “Шаршадың ба?”- деп сұрамаймын. Енді сен: “Мені сағындың ба?” “Қолшатырыңды алдың ба?” “Неге күлмейсің?”-деп сұрамайсың. Көздеріміз ашық, бірақ, онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ, бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па? Немқұрайлық… Құтқара аламыз ба?", - деп жазды ол.
Актрисаның оқырмандары оның бұл жазбасын оғаш көріп, алаңдаушылық білдірді.