21.07.2026, 14:40

«Менің ондай бала тууым мүмкін емес!»: Төреғалидің әйелі ерекше қызы туралы айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Бастапқы уақытта қабылдамау, қарсыласу болды". 

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі желідегі парақшасында ерекше қызы жайлы видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша тұнғышы оған өте құнды дүниелерді үйреткен. 

"Өз-өзіме сұрақ қойдым. Медицинадан басқа ештеңе көмектеспесес мен осындай баламен қалай өмір сүремін? Кәусар дүниеге келгелі Толқын 360 шградусқа өзгерді. Қазіргі Толқынның жолын бастап берген сол Кәусар десем қателеспеймін. Ең біріншіден Кәусар дүниеге келгеннен бастап мен шағымданбауды үйрендім. Бастапқы уақытта қиын болды. Бастапқы уақытта қабылдамау, қарсыласу болды. "Менің ондай бала тууым мүмкін емес. Менің баламның диагнозының бар болуына мен лайықты емеспін деген үлкен қарсыласу болды. Бірақ уақыт өте қабылдадым. Қабылдау менің дамуыма, білім алуыма әсер етті. Бастапқы 5 жылда тек ем алумен болдық. Кәусар жүрмесе де, сөйлемесе де өмірге сондай қуанышпен қарайды, тамақ ішсе де сондай бақытпен жейді. Сонда адамның бақытты болуы үшін тек таңдау жасау керектігін түсіндім. Кәусар менің өмірімдег ең үлкен сый", - деді ол.