Дәл осы қалада 2026 жылғы 14 қарашада Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті өтеді.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы концерттік туры қарсаңында мексикалық жанкүйерлер ерекше шығармашылық жоба ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Dimashnews басылымының мәліметінше, әуе шарларынан түрлі туынды жасайтын мексикалық суретші әрі Димаштың жанкүйері Ольга Лидия Эрнандес шығармашылық тобымен және Dimash & Dears Regias фан-клубының мүшелерімен бірге әншінің биіктігі 4,5 метр болатын мүсінін жасап шыққан.
Ауқымды инсталляция Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласының адам көп жиналатын сауда орталықтарының біріне қойылды.
Дәл осы қалада 2026 жылғы 14 қарашада Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті өтеді.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, ерекше туындының басты мақсаты – қала тұрғындарын қазақстандық әншінің шығармашылығымен таныстырып, алдағы концертке жұрт назарын аудару.
Димаштың алып мүсіні қазірдің өзінде сауда орталығына келушілердің қызығушылығын тудырып, көпшілік суретке түсетін ерекше орынға айналған.