22.07.2026, 17:00

«Мен ылғи сабырлымын!»: Танымал актер Ирина Қайратовна тобын мазақ етті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

«Шыны керек басында шошып кеттім!».

Танымал актер Әнуар Нұрпейісов Ирина Қайратовна тобына шүйлікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, оқырмандары Ирина Қайратовна тобының клипінен суреттер жіберіп, «Артқы фонда сенің суретің»- деп жаза бастаған. Актер бастапқыда мән бермегенін кейін клипті көріп, суретті жақындатып қарағанын айтты.

«Расында менің суретім. Тыйым салынған өте странном амплуада суретім тұр. Шыны керек басында шошып кеттім! Маған лифтке кіруге тыйым салынған ба? Сосын әннің сөзін естіп көрдім. Бірақ, мен туралы ештеңе айтылмаған. Текстті чатджпт жазған секілді. Бірақ, әннің қайырмасында Please, сабыр! деп айтылады. Мен ылғи сабырлымын! Мен Қазақстанның сыртында үнемі сабырлымын!»-деді, актер. 

Өнер иесі ашумен әрі әзілмен Ирина Қайратовна тобына әннің текстін жазуға қиналсаңдар өзіне хабарласуын сұрады. 

Желі қолданушылары: «Ириштың өлеңдерінде мағына жоқ», «Бетімен кетті», «Ануар молодец!», «Текст жазып берсеңші оларға», «Қатырды!»- деуде.