23.07.2026, 01:30

«Келін болатын қыз екен»: Танымал трансгендер бүтін бір ауылды шулатты (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Жазбаға әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп, өз көзқарастарын жазып жатыр.

Әлеуметтік желіде NikoNett атымен танымал трансгендер блогер ауылға барғаннан кейінгі жағдай туралы Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогердің сөзінше, ауылға барған сәттен бастап оның келуіне байланысты тұрғындар арасында түрлі әңгімелер тараған.

«Мен ауылға келгенде бүкіл ауыл шулап кетті. Намыстары оянып кеткен сияқты. Тәтемді мазақтапты. Қызық екен, басқа жағдайларда намыстары ұйықтап қалады екен», – деп жазды NikoNett.

Ол кейін ауылдан қалаға қайтып бара жатқанын айтып, болған жағдайдың оған эмоционалды тұрғыда ауыр тигенін жеткізді.

«Қайтадан қалаға бара жатырмын. Жылағым келіп тұр. Соншама адамдарға не істеп қойғанымды білмеймін. Тәтем "қал" деді, бірақ мен үшін оған сөз тигенін қаламаймын», – деп жазды блогер.

Жазбаға әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп, өз көзқарастарын жазып жатыр.