"Мүмкін тағдыр бізді әдейі кешіктірді бір-бірімізді бағалау үшін".
Танымал әнші Балжан Бидаш желідегі парақшасында ерекше сурет жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол белгісіз ер адаммен бірге түскен суретін жүктеген.
Оқырмандар оны әншінің сүйіктісі деп болжаған.
"Мүмкін тағдыр бізді әдейі кешіктірді бір-бірімізді бағалау үшін. Қанша жолдан өтсем де өкінбеймін. Себебі барлығы сенің келуің үшін", - деп жазды ол.
Жанындағы жігіттің кім екені әзірге белгісіз, бірақ желі қолданушылары образына қарап актер Санұржан деп топшылады.
Артынша әншінің өзі "Менің адамым" атты жаңа әніне бейнебаянды жүктеп, кім екенін көрсетті.
Ол танымал актер Санұржан Сүлеймен екені белгілі болды.