$ 467.65  533.26  5.96

«Шындықты білмейсіздер!»: Ажырасқалы жатқан блогердің күйеуі мәлімдеме жасады (ФОТО)

"Біреудің өсек-аяңына сүйеніп, қорытынды жасамауға кеңес беремін". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Белгілі блогер Талғат Итаев әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, жұртшылықты асығыс қорытынды жасамауға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол адамдардың біржақты ақпаратқа сеніп, шындықтың мән-жайын толық білмей жатып айыптауына қарсы екенін айтты.

«Біреудің өсек-аяңына сүйеніп, қорытынды жасамауға кеңес беремін. Барлық шындықты білмей тұрып, адам туралы жаман пікір айтудың қажеті жоқ. Бұл жағдайды бұрынғыдай көпшілік алдында талқылағым келмейді. Өйткені мұндай мәселелер отбасы ішінде шешіліп, сонда ғана талқылануы керек деп ойлаймын», – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Талғат Итаев қандай жағдай болса да, балаларының жанынан табылатынын және оларды ешқашан қараусыз қалдырмайтынын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін блогер Айым Сейтметова жұбайы Талғат Итаевпен ажырасу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Осы оқиғадан кейін ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірген тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0