24.07.2026, 15:00

«32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды

Фото: guzelya1974 парақшасынан

Ол отбасы болғандарына 32 жыл толғанын жазып, жүріп өткен жолдарын еске алды. 

Белгілі әзілкеш Асылбек Боранбаевтың өмірлік жары ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол отбасы болғандарына 32 жыл толғанын жазып, жүріп өткен жолдарын еске алды. 

"32 жыл – бір шаңырақ астындағы бақытты ғұмыр.  Бүгін отбасы құрғанымызға 32 жыл толды. Осы жылдар ішінде қуанышымыз да, сынағымыз да бірге өтті. Бір-бірімізге тірек болып, сыйластық пен сенімді сақтап, берекелі шаңырағымызды бірге көтердік. Аллаға сансыз шүкір, осындай ғұмыр сыйлағанына. Отбасымызға амандық, денсаулық, береке-бірлік, балаларымыз бен немерелеріміздің қызығын бірге көруді нәсіп етсін. 32 жыл – жай ғана сан емес, ол – махаббаттың, төзімнің, сыйластықтың және шынайы бақыттың белгісі. Осындай бақытты сәттеріміз көп болсын!", деп жазды ол.