$ 476.07  541.86  6.08

«Ақталу үшін емес»: Дариға Бадықова не үшін өзі туралы фильм түсіретінін айтты

Дариға Бадықова бұл жобаның мақсаты өзін ақтау немесе жақсы қырынан көрсету емес екенін атап өтті.

Фото: dariga_badykova парақшасынан
Фото: dariga_badykova парақшасынан

Қазақстандық актриса Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, көпшілік экраннан көретін бейненің ар жағында өзгелер біле бермейтін өмір бар. Сондықтан ол өзінің өмірлік ұстанымы мен қабылдаған шешімдерінің себебін көрерменге шынайы түрде жеткізгісі келеді.

«Бірақ экраннан көрінбейтін өмір бар. Менің өмірге деген көзқарасым көп адамдікінен өзгеше болуы мүмкін. Кейбір ойларымды ашық айтсаң, сені бірден түсінбейінді. Сондықтан кейде үнсіз қалуды таңдайсың. Бірақ бір нәрсеге сенімдімін – осы күнге дейін мені алып келген өз принциптерім. Олар мені ешқашан жаман жолға бастаған жоқ. Керісінше, кім екенімді жоғалтпай өмір сүруге үйретті», – деп жазды актриса.

Дариға Бадықова бұл жобаның мақсаты өзін ақтау немесе жақсы қырынан көрсету емес екенін атап өтті.

«Сол себепті мен өз өмірім туралы документалды фильм түсіргім келеді. Әдемі көріну үшін емес. Ақталу үшін емес. Экрандағы образдың артында қандай адам тұрғанын, қандай ойлармен өмір сүретінімді, неге дәл осындай шешімдер қабылдайтыным. Фильмде көрсетіледі, ешқандай рөл ойнамаймын. Тек өзім боламын. Бұл мен үшін ең шынайы маңызды жоба!», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0