Осы тұста желі қолданушылары көптеп пікір жазды.
Желіде әнші Тамара Асардың ұлы Қамбардың сүйіктісімен түскен суреті тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Болашақ жарының суретін Қамбар өзінің жеке парақшасында бөлісті. Осы тұста желі қолданушылары көптеп пікір жазды.
"Тамара Асар апамның ауылында бұйырса той екен ғой. Бақытты болыңдар, ақ Қамбар", "Тамара, дайындай құдағи боласың", "Бақыт тыныштықты сүйеді, әзірге жасыра тұр", деп пікір білдірді көпшілік.
Айта кетейік, Қамбар Тамара Асардың бірінші некесінен туған ұлы. Әншінің екінші күйеуінен Ажар есімді қызы бар.