$ 474.63  544.5  5.92

«Бірнеше жылдан бері сихрдан зардап шегіп жатырмын»: Индира Расылхан жанайқайын айтты (ВИДЕО)

Алланың қалауымен әлсірейді, кейбірі шығып кетеді.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына рухани мазмұндағы жазба жариялап, өзінің бірнеше жылдан бері сихрдың зардабын тартып жүргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі мұндай жағдайға тап болғанын немесе бойында сихр, көз тию не қызғаныштың (хасадтың) әсері бар деп күдіктенетін жандарға «Аятул Күрси» сүресін 300 рет тоқтаусыз оқуға кеңес берді.

«Мен сияқты шаршап, қажып жүргендерге кеңесім болсын деп айтып жатырмын. Алланың қалауымен әлсірейді, кейбірі шығып кетеді. Тек ағузубиллаһқа (шайтанға) жол бермеңіздер. Қолдарыңыздан келеді, мен сенемін. Алла жеңілдігін берсін», – деп жазды әнші.

Индира Расылхан соңғы уақытта әлеуметтік желіде рухани тақырыптарды жиі қозғап, оқырмандарымен жеке тәжірибесі мен діни ұстанымдарына қатысты ой бөлісіп келеді. Оның бұл жолғы жазбасы да желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік әншіге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін қалдырған. Кейбір оқырмандар өздерінің де осындай қиындықтарды бастан өткергенін айтып, пікірлерімен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0